Бұл туралы BBC News-ке сілтеме жасап, sn.kz хабарлады.
Қанды қырғыннан жарақат алғандар саны 60 адамнан асты. Олардың төртеуі хал үстінде.
Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым лаңкестік оқиғаның артында кімдердің тұрғанын білмейтінін айтты. Дегенмен, алғашында айтылғандай, содырлар Санта-Клаустың киімінде болмаған. Оның айтуынша, қылмыскерлер әлі қолға түспепті.
"Полиция мен қауіпсіздік күштерінің өкілдері лаңкестерді ұстау операциясының барысы жайында ақпараттандырып отырады", — деп мәлімдеді ел премьері.
Қазір Стамбұлда оқиғадан қаза тапқандарды жерлеу рәсімдері басталып кетті. Ислам шарттарына сай, марқұмдардың денесі барынша тезірек жер қойнауына тапсырылады.
Айта кету керек, қайтыс болғандар қатарында шетелдің 16 азаматы бар. Олар, Түркияға Сауд Арабиясынан, Израильден, Ливан, Ливия, Иордания, Франция және Бельгия елдерінен келген.