Демалыс күндері Астанада 2 400 адам уақытша тіркеуге тұрған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Демалыс күндері Астанада 2 400 адам уақытша тіркеуге тұрған

Демалыс күндері Астанада 2 400 адам уақытша тіркеуге тұрған

Астанада өткен демалыста 2400 адам уақытша тіркеуге тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспа

  • 9 Қаңтар 2017
  • 887
Фото - Caravan.kz

Астанада өткен демалыста 2400 адам уақытша тіркеуге тұрған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Көші-қон заңнамасындағы азаматтарды тұрып жатқан жері бойынша уақытша тіркеу туралы жаңа ережелерге байланысты Астана қаласының ІІД көші-қон полициясының қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды қабылдады. Демалыс күндері Астана бойынша жалпы 6500 тұрғын тіркелді, оның ішінде уақытша тіркеуге тұрғаны 2400 адам", — дейді Астана ІІД бастығының орынбасары Батырхан Есенбай. 

Ол азаматтарды ыңғайлығы үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көші-қон полициясының жұмыс орны төрттен алтыға дейін көбейтілді. 

ІІД өкілдері уақытша және тұрақты тіркелу үшін баспана иесінің (жеке куәлігін ала келіп жеке өзі болуы керек) немесе үй иесінің сенімді адамының  келісімі, тіркелетін адамның жеке куәлігі және тұрғылықты жер бойынша тіркелу үшін 226,9 теңге мемлекеттік баж салығы төленгені туралы түбіртек.

Еске салайық, түрғындардың көптеп келуіне байланысты ХҚКО-лар Рождество күні және жексенбі, 8 қаңтарда да жұмыс істеді. 


Тіркелу шарттарын мен ретін жеңілдету мақсатында, соның ішінде қоғамның әлсіз топтары үшін өтініш берілген күні тіркеу жасалады. Бұрынғы тіркелген орыннан шығудың қажеті жоқ, тұрақты мекенжайы жоқ ададмдар үшін бейімдеу орталықтарына тіркеу қарастырылған, жеке куәлік жоқ, жоғалып қалған немесе жарамсыз болған жағдайда уақытша жеке куәлікпен тіркеу қарастырылған.