Иранда бұрынғы президент Рафсанжаниді жерлеу рәсімі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иранда бұрынғы президент Рафсанжаниді жерлеу рәсімі өтіп жатыр

Иранда бұрынғы президент Рафсанжаниді жерлеу рәсімі өтіп жатыр

Тегеранда бұрынғы президент Әли Акбар Хашеми Рафсанжаниді жерлеу рәсімі өтіп жатыр. Бірнеше сағатқа созылатын рәсімге қарапайым тұрғындар мен ресми тұлғалары бар - мыңдаған адам жиналды.

  • 10 Қаңтар 2017
  • 476
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Акбар Хашеми Рафсанжани 9 қаңтар күні 82 жасында жүрек талмасынан кейін ауруханада көз жұмды. Ол Иранды 1989 жылдан 1997 жылға дейін басқарды. Рафсанжанидің жаназасын бүгін Тегеран университетінде Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменей оқиды деп жоспарланған.

Акбар Хашеми Рафсанжани Ирандағы 1979 жылғы революция жетекшісі, аятолла Рухолла Хомейни атындағы мазарға жерленеді.


Рафсанжаниді жерлеу рәсіміне Иранның бұрынғы президенті, елді Рафсанжаниден кейін басқарған Мохаммад Хатами қатыстырылмады.

Перейти к новостям спорта