Осы тұста Caravan.kz тілшісі бұған дейін біраз салмақты қызметтерде болған Тәжиннің мансап жолына бір көз жүгіртіп өткен еді.
Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған.
Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.
1992 жылға дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты.
1992 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті аппараты басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы.
1994—95 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кеңесшісі.
1995—99 жж. — Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы.
1999—2001 жж. — Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2000 ж. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды.
2001 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.
2002 ж. — қайтадан Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2002 ж. тамыз айынан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
2006 ж. сәуір айынан бастап — Президенттің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
2007 ж. 11 қантарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
2009 ж. 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды
2013 ж. 16 қаңтарда Президент өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы ретінде тағайындалды. Бұл қызметте ол Мұхтар Құл-Мұхамедті ауыстырған болатын.
2014 ж. 11 ақпанда ҚР-ның РФ-ғы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.