Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Азия ойындарындағы бокс бәсекелері 21 қыркүйекте басталады.
Ерлер құрамасы
55 келі. Махмұд Сабырхан
60 келі. Оразбек Асылқұлов
70 келі. Төрехан Сабырхан
80 келі. Сабыржан Аққалықов
90 келі. Нұрбек Оралбай
+90 келі. Айбек Оралбай
Бас жаттықтырушы — Нұржан Насанов

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Әйелдер құрамасы
51 келі. Алуа Балқыбекова
54 келі. Назым Қызайбай
60 келі. Виктория Графеева
65 келі. Аида Әбікеева
75 келі. Наталья Богданова
Бас жаттықтырушы — Елдос Сайдалин

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Неліктен Абылайхан Жүсіпов емес, Төрехан Сабырхан таңдалды?
70 келі салмақ дәрежесінде ел намысын кім қорғайтыны жанкүйерлер арасында қызу талқыланды. Себебі бұл салмақта Азия ойындарына баруға 2025 жылғы әлем чемпионатының екі жеңімпазы – Абылайхан Жүсіпов пен Төрехан Сабырхан үміткер болды.
Екі боксшының да Азия ойындарына лайықты екенін көрсеткен нәтижелері бар. Төрехан Сабырхан 2026 жылғы Азия чемпионатында финалға дейін жетіп, шешуші жекпе-жекте иорданиялық Зияд Ишаишке жол берді.
Ал Абылайхан Жүсіпов Қытайда өткен әлем кубогында чемпион атанып, турнирдегі барлық қарсыласын жеңді. Олардың арасында алдағы Азия ойындарында кездесуі ықтимал боксшылар да болды.
Дегенмен ұлттық құраманың бас бапкері Нұржан Насанов Төрехан Сабырханға сенім білдірді.
Бұған бірнеше фактор әсер еткен болуы мүмкін. Төреханның жекпе-жек мәнері көрерменге тартымды, әрі ол үнемі шабуылдауға тырысады.
Осылайша, 70 келі салмақта Жапонияда Қазақстан намысын Төрехан Сабырхан қорғайды.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді.