Астананың көші-қон полициясы басшысының шаш үлгісі жұрттың қытығына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың көші-қон полициясы басшысының шаш үлгісі жұрттың қытығына тиді

Астананың көші-қон полициясы басшысының шаш үлгісі жұрттың қытығына тиді

Көші-қон полициясының өкілдері жырға айналған уақытша тіркеу мәселесін кеше тағы бір мәрте түсіндірген еді. Бұл жолы астаналық тәртіп сақшыларының баспасөз мәслихаты өтіп, ол кешкі тележаңалықтардан көрсетілді. Бірақ онда жұрттың назары басты мәселеге емес, Астана қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаеваның шаш үлгісіне ауып кеткен сияқты.

  • 13 Қаңтар 2017
  • 8540
Фото - Caravan.kz

Бүгін әлеуметтік желіде Дөненбаеваның аталған баспасөз мәслихатындағы суреті таралып, қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Түрлі желілерде пікір білдіргендердің басым бөлігі мұны ерсі санайды. Біреу "Шаш үлгісі 91 тобынан асып кетіпті" деп қалжыңдаса, енді біреулер "Ар-ұяттан безген, қазақ ұлты екенін ұмытқан арсыз албасты дейді мұндайларды. Осындайлардан үміт күткен, әттең…" деп налып отыр. 

Ал базбіреулер бұдан ешқандай сөкеттік көрмегенін, тіпті шаш үлгісі өзіне жарасып тұрғанын айтқан. "Керемет әйел. Шаш үлгісі әдемі, өзіне өте жарасып тұр. Бәріңіздің әлгі заңды (уақытша тіркеуге қатысты — ред.) жақтырмай отырғандарыңызды білемін. Бірақ бұлай келеке еткен дұрыс емес" дейді желі қолданушыларының бірі.