Бұл туралы NTV Haber хабарлады, деп жазады Baq.kz.
Арнайы операция жүргізген түрік полициясы лаңкесті Ыстамбұлдың Есенюрт ауданында тірідей қолға түсірген. «Әбу Мұхаммед әл-Хорасани» деген лақап атты жамылған Абдулгадир Машариповты құрықтау кезінде оның 4,5 жастағы ұлы да қасында болған.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа жыл түні Ыстамбұлдағы «Рейна» түнгі клубына қарулы шабуыл жасалып, 39 адам құрбан болған еді. Лаңкес Калашников автоматынан оқ жаудырған.
Ал бұл шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алған болатын.