“Ернардың ауруы туа салысымен басталды. Екі айдан соң бет әлпетінде қыртыстар пайда болды. Генетик маман тері қартаюы деген диагноз қойды. Одан бөлек тағы қосалық аурулары бар: иммунтапшылығы, жүрек ақауы, тыныс демікпесі, өкпе фиброзы. Бұл аурулар бір жастан асқан кезде шыға бастады. Осыған дейін үш рет операцияға түсті”, – дейді Ернардың анасы Зебинса Төлепбергенова.
Төлепбергеновтер отбасы Ташкенттен көшіп келген. Бұған дейін Ернарға дейін туған қыздары 8 айлығында шетінеп кетіпті.
“Жүктілік кезінде бәрі дұрыс болған. Дәрігерлердің айтуынша, біз күйеуіміз екеуміз алыс туыстар болғандықтан осындай мәселе туындап отыр екен”, – дейді Зебинса Төлепбергенова.
Қазіргі таңда отбасы қалалық әкімдікке өтініш беріп қойған. Енді қаңтар айының аяғында шығатын шешімді күтуде. Көмек сұрамаса, олардың аса қымбат тұратын дәрілер алуға мүмкіндігі жоқ. Сондай-ақ, Ернардың анасы жалдамалы пәтерде тұратындықтан, баласына ыңғайлы жағдай жасай алмай жатқанын да айтты. Өйткені, көптеген ауруға қатар шалдыққан бала кез-келген қолайсыздықты ауыр қабылдайды.