Баян Есентаева шетелде жүріп жазып жатқан кітабының үзіндісін көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаева шетелде жүріп жазып жатқан кітабының үзіндісін көрсетті

Баян Есентаева шетелде жүріп жазып жатқан кітабының үзіндісін көрсетті

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баян Есентаева бір кездері кітап жазып жатқанын айтқан болатын. Аталған кітапта п?

  • 20 Қаңтар 2017
  • 1315
Фото - Caravan.kz

Баян Есентаева бір кездері кітап жазып жатқанын айтқан болатын. Аталған кітапта продюсер өз өмірі туралы шындықты жайып салмақ. Бүгін Баян Мақсатқызы кітабының бір үзіндісін бөлісті.

“Мен ауруханада ояндым. Қайда жатқанымды, не үшін келгенімді, денемнің не себепті қатты ауырып жатқанын түсінбедім, яғни барлығын бірден еске түсіре алмадым. Жақын адамым жанымды ауыртқан сияқты ма? Басым ешнәрсені еске түсіргісі келмеді, бірақ жылағым келгені анық. Кенет есіме түсті – осыған ұқсас дүние менің өмірімде болды! Мен өзім білмейтін жерде ояндым, тәнім қатты ауырып тұрды және бұл жарақатты жақын адамымның салғанын түсініп тұрдым. Және жылағым келді. Жылап жібердім – даусымды шығарып тұрып жыладым. Дәл осылай. Мен ол кезде жеті жаста болатынмын, небәрі жарты сағаттың ішінде барлық тісімнен айырылдым… Жоқ, бұлай түсініксіз. Басынан бастайын”, – деп жазылған кітаптың кіріспесінде.


шл

Продюсер алғашқы бөлімді “Болады және болмайды” деп атауды жөн көрген екен. Кейінгі тақырып – “Мұның барлығы сен үшін”.  Ал желі қолданушылары өз кезектерінде кітапты асыға күтіп жүргендерін жеткізген. “Сіз ержүрек әйелсіз. Мен сізді мақтан тұтамын”, “Ит үреді, керуен көшеді. Иттердің үргеніне көңіл бөлмеңіз”, “Әрбір әйел бақытты болуы үшін жаратылған. Бақытты болыңыз! Баян апай, қыздарыңыздың қызығын көріңіз”, “Аз уақыт ішінде тез оңалғаныңызға қуаныштымын. Мен сіздің жетістіктеріңіз үшін шын қуанамын”, “Қашан шығады? Электронды нұсқасы бола ма? Асыға күтетін боламын” деп жазады желі қолданушылары.