Өзбекстан көрші елдермен шекара келіссөздерін қайта қарамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан көрші елдермен шекара келіссөздерін қайта қарамақ

Өзбекстан көрші елдермен шекара келіссөздерін қайта қарамақ

Өзбекстан көрші төрт елмен мемлекеттік шекараларды делимитациялау және демаркациялау жөнінде келіссөздерді қайта қарамақ.

  • 20 Қаңтар 2017
  • 2968
Фото - Caravan.kz

Бұл ел президентінің 2017−2021 жылдарға арналған мемлекеттің Даму стратегиясына байланысты жүзеге аспақ, деп жазады centralasian.org.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, министрліктер мен тиісті мекемелерге бірінші тоқсанда мемлекеттік шекараларды реттеудің жоспарын құру жүктелген.

Онда Қырғызстанмен шекарадағы келісілмеген аймақты реттеуді тездету тапсырылған.

Сырдария, Навои, Жызақ облыстарындағы жер телімдері бойынша Қазақстанмен демаркациялау келіссөзі жүргізілмек. Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбек және Маңғыстау облыстарымен шекаралас Қарақалпақстан автономды республика бойынша келіссөздер өтпекші.


Тәжікстан және Түркіменстанмен шекарадағы келісілмеген аймақтарды да реттеу мәселесі қарастырылған.