Халық банк пен Qazkom бірігуі үшін келіссөздер жүргізіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық банк пен Qazkom бірігуі үшін келіссөздер жүргізіп жатыр

Халық банк пен Qazkom бірігуі үшін келіссөздер жүргізіп жатыр

Qazkom "Халық банкімен" алдын ала келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. &

  • 20 Қаңтар 2017
  • 806
Фото - Caravan.kz

Qazkom "Халық банкімен" алдын ала келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Казкоммерцбанк" АҚ және Кеңес Рақышев "Қазақстан Халық банкі" АҚ-мен ККБ мен Халық банкінің арасындағы алда жасалуы мүмкін делінген келісімге қатысты алдын ала келіссөз жүргізіп жатыр, келіссөз алғашқы кезеңде", — деп хабарлады Qazkom баспасөз қызметі.

Qazkom өкілдері ендігі мәліметтің қажет болған жағдайда сәйкес мерзімде хабарланатынын айтып отыр.

Еске салайық, осыған дейін осыған дейін БАҚ-тар өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, қазақстандық екі ірі банктің бірігетінін хабарлаған еді. Алайда сол кезде БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Сергей Чикин Qazkom-ның бірігу туралы ұсыныс жасамағанын және мұндай мәліметті "Халық банкінен" алмағанын хабарлаған еді.

"Халық банкі" АҚ-мен бірігеді деген БАҚ-тарда пайда таралған қауесеттерге байланысты "Казкоммерцбанк" АҚ хабарлайды: ККБ бірігу туралы ешқандай да ұсыныс жасаған жоқ және "Халықтан" ұсыныс алған жоқ және екі банктің арасында қандай да бір бірігу туралы келіссөздер жүргізген жоқ", — деген еді Чикин.


 

Соңғы жаңалықтар