Уақытша тіркеуге тұрмағандарға наурыз айының ортасынан бастап айыппұл салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Уақытша тіркеуге тұрмағандарға наурыз айының ортасынан бастап айыппұл салынады

Уақытша тіркеуге тұрмағандарға наурыз айының ортасынан бастап айыппұл салынады

Полицейлер уақытша тіркелмеген қазақстандықтарға наурыз айының ортасынан бастап айыппұл сала бастайды, - деп хабарлайды Tengri

  • 23 Қаңтар 2017
  • 802
Фото - Caravan.kz

Полицейлер уақытша тіркелмеген қазақстандықтарға наурыз айының ортасынан бастап айыппұл сала бастайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов айтты.

"Бүгінде премьер-министрдің барлық нормативтік-құқықтық актілері жазылған қаулысы шықты. Ол қаулы белгіленген уақытта орындалуы тиіс, яғни, биыл ақпан айында. Ақпан айының соңына дейін біз қаулыны бекітуіміз керек. Заң үкіметте бекітілген соң, ол ақпарат құралдарында жарияланып, он күннен кейін заңды күшіне енеді. Бүгінде заңға сәйкес акт бекітілмейінше, бізде әкімшілік заңнаманың нормалары қолданылмайды. Сондықтан наурыз айының ортасына дейін уақытша тіркеуге тұрмаған қазақстандықтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды", — деді Серік Сайынов.

Оның айтуынша, қазақстандықтарда ХҚКО-да немесе "Электрондық үкімет" арқылы уақытша тіркеуге тұруға әлі 1,5 ай уақыт бар.


Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов саяжайда тұрып жатқандарды тіркеу тәртібі туралы айтып берген болатын. ІІМ өкілі үйдің пайдалануға берілмеген жағдайдағы тіркеуге тұру туралы сұраққа да жауап берген болатын. "Үй пайдалануға берілмеген болса, тұрғылықты орны бойынша тіркеуге ала аламыз. Сонымен қатар осы мәселені шешу механизмі қарастырылып жатыр", — деген еді ол.

Сондай-ақ, ол тұрғылықты жер бойынша тіркеудің көшеде тексерілмейтінін айтқан еді.