Павлодарда жергілікті билік зейнеткерлерге мәжбүрлеп қар тазалатпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жергілікті билік зейнеткерлерге мәжбүрлеп қар тазалатпақшы

Павлодарда жергілікті билік зейнеткерлерге мәжбүрлеп қар тазалатпақшы

Павлодарда жер үйлердің тұрғындары полицейлерге өкпелі. Тәртіп сақшылары мұндағы зейнеткерлерге де мәжбүрлі түрде көшедегі қарды тазалатпақ көрінеді.

  • 24 Қаңтар 2017
  • 493
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sn.kz жазады.

Келіспеген жағдайда айыппұл төлейміз бе деген қорқыныштары тағы бар. Ал, аз ғана зейнетақыны әкімдіктің жұмысына төлеу олардың жоспарында болмаған.

"Бізге көмектесудің орнына керісінше, соңғы тыйынымызға дейін санап алмақшы. Біздің көшеде негізінен зейнеткерлер тұрады. Әр қайсымыз ай сайын шамамен 40 мың теңгеден аламыз. Жуырда біздің үйге және көршілерге учаскелік инспектор келіп, ешкім қол қоймаған ескертуді ұстатып кетті. Егер қар тазаланбаса айыппұл төлейтінімізді айтты. Нақты қай аумақтағы қарды тазалауымыз керек, сол анық емес", — дейді 66 жастағы зейнеткер Галина Стрельцова.

Бір қызығы, тұрғындарға берілген ескерту қағазы кәсіпкерлерге арналып жазылған екен. Ал, зейнеткерлер болса бизнеске еш қатысымыз жоқ дегенді айтып отыр. Галина Стрельцова өзге тұрғындар секілді тек ауласын ғана қардан тазалауға қауқарлы. Ал, күрек ұстап көшеге шығатындай күшіміз жоқ дейді олар. Оның орнына прокуратураға барып, полицейлердің үстінен арызданбақ.


"Біздің айыппұлмен қорқытудың не қажеті бар? Біздің территориямыз қоршауымыздың ішінде ғана. Ал, оның сыртын, яғни көшені қалалық коммуналды қызмет өкілдері тазалауы тиіс", — деп атап өтті зейнеткер.