Қазақстанда тіркелмеген телефондар бұғатталатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тіркелмеген телефондар бұғатталатын болды

Қазақстанда тіркелмеген телефондар бұғатталатын болды

Қазақстанда IMEI-кодтардың бірыңғай базасында тіркелмеген телефондар бұғатталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 25 Қаңтар 2017
  • 914
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда IMEI-кодтардың бірыңғай базасында тіркелмеген телефондар бұғатталады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа нормаларына өткен жылдың 22 желтоқсанында қол қойылған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм және терроризм мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заңда телефондардың идентификациялық кодтарын бірыңғай базаға тіркеудің міндетті екені көрсетілген. Қазір Қазақстанда IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құру жұмыстары басталды. Kcell мен Beeline баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі осы мәселе бойынша ұялы байланыс операторларымен жиын өткізген.

"Ұялы байланыс операторлары 2017 жылдың қаңтарында ҚР "Байланыс туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм және терроризм мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заңдарына қажетті өзгертулер енгізілген соң, IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құруға бағытталған жұмыстарды бастады", — делінген Kcell баспасөз қызметіндегілердің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалына берген жауабында.

Осы заңға сәйкес, ұялы байланыс опеарторлары уақытында тіркелмеген абоненттерді бұғаттайды. Айта кетейік, бұл заң 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

"IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құру туралы заңның ережесі мынандай: абоненттерді тіркеу және тіркелмеген абонент иелеріне ұялы байланыс қызметтерін қолдануға тыйым салу. Енді ұялы байланыс операторларын тіркеу 2017 жылдың 1 шілдесінен басталады", — деп түсіндірді Kcell баспасөз қызметіндегілер.

Kcell, Beeline өкілдері IMEI-кодтардың бірыңғай базасын жасау бойынша жұмыс тобына қосылды. Сондай-ақ, Kcell өкілдері осы заң енгізілген соң, мемлекеттік органдардағы ақпараттық жүйемен қалай байланыста болатыны жайлы талқылап жатқанын айтты.

"Біз қазір арнайы жұмыс тобының аясында жұмыс істеп жатырмыз. Осы мәселе бойынша және басқа да өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстар дайындап жатырмыз. Операторларда заңнамада көрсетілген міндеттер бар. Бірақ қазір операторлардың осы жобаны жүзеге асыру үшін нақты немен айналысатыны белгісіз болып тұр", — делінген Beeline баспасөз қызметіндегілердің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалына берген жауабында.


Заңға сәйкес, жақын арада абоненттерді тіркеуге қатысты ережелер дайын болуы қажет. Қазақстандықтардың телефондарды қалай тіркейтіні әзірше белгісіз, себебі бұл жобаның жұмыс істеу механизмі әлі ойластырылмаған екен. Beeline өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта ұялы байланыс операторлары осы мәселе бойынша ұсыныстарын дайындап жатыр.

"Қазір тараптар (операторлар, биліктегілер) осы мәселені талқылап жатыр. Бірнеше нұсқа бар. Бірақ енді бұл жобаның барынша оңай әрі жеңіл жүзеге асырылып, сондай-ақ, оның ешбір ақаусыз жұмыс істеуі үшін не жасау керектігі ойластырылып жатыр", — деді Beeline өкілдері.

Сондай-ақ, ұялы байланыс операторлары телефондарды тіркеудің тиімділігі неде екенін айтып өтті.

"Құжаттамаға сәйкес, IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құру біреудің мүлігін ұрлау деректерінің алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, құжаттамада Қырғызстан Республикасының абонеттердің идентификациялық кодтарын тіркеу туралы заңнамасындағы ережелердің және халықаралық тәжірибелердің, яғни, Түркия, Әзірбайжан, Украина елдеріндегі тәжірибенің жақсы нәтиже көрсеткені мысал ретінде келтірілген", — деп түсіндірді Kcell өкілдері.

"Біз мұндай базаны енгізудің тиімділігіне қатысты қандай да бір пікір білдіре алмаймыз. Алайда басқа елдердегі тәжірибеге қарасақ, оларда осы заңңама арқылы ұялы телефондар мен басқа да құрылғыларды ұрлау деректері азайған", — деді Beeline өкілдері.