Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында жазылған.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", — делінген Өкімде.
33 жастағы Бағдат Мусин 2014 жылдан бері "Қазпошта" акционерлік қоғамын басқарып келді.
Ол Павлодар облысының тумасы. Сүлеймен Демирел атындағы университет пен Алматыдағы Құқықтану және халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған. Еңбек өтілін 2004 жылы "Ұлттық ақпараттар технологиясы" АҚ-нан бастаған.