Алматыда тастанды қызды бауырына басқан келіншек істі болып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тастанды қызды бауырына басқан келіншек істі болып жатыр

Алматыда тастанды қызды бауырына басқан келіншек істі болып жатыр

Бала асырап аламын деп басы бәлеге қалды. Алматылық келіншек бөтен біреудің қызын бауырына басқаны үшін істі болып жатыр.

  • 26 Қаңтар 2017
  • 757
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. 

Алайда, айыпталушы тірі тауарды сатып алған жоқпын деп ақталуда. Алинаны анасы туа салып тастап кеткен екен. Сондықтан бала сүйе алмаған отбасы оны асырап алыпты. Одан бері екі жыл өтсе де ата-ана сол қызды өз аттарына жаздыра алмай жүр.

2  жасар Алинаны айналып толғанып отырған бұл келіншек – бүлдіршіннің тапқан емес, баққан анасы. Сәбиден өз шешесі туа сала бас тартыпты. Сондықтан оны он жылдан бері бала көтере алмай жүрген Регина бауырына басқан. Содан бері екі жыл өтсе де ата-ана асырап алған қыздарының құжаттарын рәсімдей алмай жүр.

-Алинаның анасы Алматыдағы перзентханалардың бірінде босанды. Туу туралы куәлігін алған бойда нотариус арқылы баласынан бас тартатынын рәсімдеп бізге берді. Содан бері баланы мен бағып отырмын, дейді Регина.

Сәбидің өз анасы 16-17 жасында босанған екен. Бала некесіз туғандықтан оны асырай алмайтынын біліп тастап кеткен. Көкек ана ол үшін көк тиын да алмапты. Соған қарамастан қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тіпті бөтеннің баласын бауырына басқаны үшін Регина да істі болып жатыр.


— «Адам саудасы» аса ауыр қылмыс. Тіпті ақшаға сатып алмаса да кәмелеттік жасқа толмағандарды бөтен біреуге беруге тыйым салынған. Сондықтан сәбидің биологиялық анасы мен бағып алған анасы да жауапқа тартылады. Заң бойынша біз сәбиді алып, балалар үйіне өткізуіміз керек, деді Алматы қалалық прокуратурасының басқарма прокуроры Бақұстар Қадырбаев.

Алайда Алинаға бар мейірімін төккен ана одан енді айырылғысы жоқ. Сондықтан қызымды ешкімге бермеймін дейді. Тиісті органдардың өзі де айрандай ұйыған отбасының шырқын бұзуға батпай отыр.

 -Бұл отбасыға көмектесуге әзірміз. Өйткені тастанды бала асырап алған ата-анасына әбден бауыр басып қалған. Сондықтан сәбиге кесірімізді тигізбес үшін оны өз үйінде қалдыруға күш саламыз, дейді Алматы қалалық қамқоршылық қызметін жүзеге асыратын орган қызметкері Лаура Байтеңізова.

Қазір бұл істі тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Тіпті құзырлы органдар баланы ғаламтор арқылы саудалауы да мүмкін деген болжамдарын жасырмайды. Өйткені жақында прокурорлар осындай сайттың бірін жапқан. Онда Регинаның да тіркелгені анықталыпты.