Бейбіт Есжанов: «AIBA-ға хат жазамыз» - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейбіт Есжанов: «AIBA-ға хат жазамыз»

Бейбіт Есжанов: «AIBA-ға хат жазамыз»

Астананың Есіл соты «Астана Арланстың» «Астана» ПКСК-ға қатысты шағымын дәйексіз деп тапты.

  • 27 Қаңтар 2017
  • 535
Фото - Caravan.kz

Президенттік кәсіпқой спорт клубының тарапынан ереже бұзу анықталмады.

«Бұл алдын-ала тыңдау болатын. Бізден қосымша құжат көрсетуімізді сұрады. Қазір АІВА-ға хат дайындап жатырмыз. Ондағы мақсатымыз — ол жерден сыйақының белгіленген мақсатпен берілетіні жайлы растау алу. Соттың шешімін қайта қаратуға мүмкіндігіміз бар. Соңғы шешімді халықаралық арбитрлық сот шығаруы мүмкін. Кейіннен біз сол жерге шағымданамыз», — деді «Астана Арланстың» экс-бапкері Бейбіт Есжанов.

Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін Есжанов «Астана» ПКСК-ның «Астана Арлансқа» WSB-дің 5-ші маусымындағы жеңісі үшін AIBA-дан алған сыйақыны бермеді деп
айыптаған
болатын.

Ал, ПКСК орындаушы директоры Аманбек Күлшіков экс-бапкердің жоқ қарызды сұрап отырғандығын мәлімдеді.