Жақып Асанов Астанадағы жиында прокуратура жұмысын сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жақып Асанов Астанадағы жиында прокуратура жұмысын сынады

Жақып Асанов Астанадағы жиында прокуратура жұмысын сынады

Қазақстан бас прокуроры Жақып Асанов бүгін Астанада 2016 жылдың қорытындысы және алдағы кезеңге арналған міндеттері жайлы өткен бас прокуратураның алқа жиынында прокурорлардың жұмысын сынады.

  • 27 Қаңтар 2017
  • 635
Фото - Caravan.kz

Асанов прокуратура құрамында "адал қызметкерлердің" көп екенін, ал "масылдардың" одан да көбін айтты. Бас прокурор жиында "ведомство қызметкерлері таңнан кешке дейін мемлекетке пайдалы жұмыспен айналысып жатқандай елес тудырмауға" шақырды. Прокуратурада "заманауи ойлайтын" қызметкерлердің барын айтқан Асанов әріптестерін жұмыс істеу тәсілін, менталитет пен ойлауды түбегейлі өзгертуге шақырды.

Қазақстан президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов өткен жылы прокуратура кеңселері алдында өзін-өзі өртеу оқиғалары болғанын айтып, прокурорларды заңның сақталуын дұрыс қадағалауға шақырды.

Желтоқсанның 6-сы күні Жамбыл облысы Шу қаласының 48 жастағы тұрғыны Майра Рысманова ұлының сотталуына қарсылық білдіріп, Астанадағы бас прокуратураның кіре берісіндегі жерде өзін өртеген. Денесі қатты күйген әйел бірнеше күннен соң ауруханада көз жұмған. Бас прокуратура Рысманованың туыстарына тексеру жүргізуге уәде берген.


22 желтоқсанда Шымкентте облыстық прокуратура алдында жергілікті кәсіпкер Нұркен Айнабеков үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеген. Өз-өзін өртеу кезінде оның үстінен алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.