Алматыда Универсиаданың алғашқы күні басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 530.12
  • 546.08
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Универсиаданың алғашқы күні басталды

Алматыда Универсиаданың алғашқы күні басталды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

28 қаңтар күні Ұлыбритания, Қазақстан, Канада, Қытай, Словакия, Латвия мен Жапонияның хоккейшілері медал

  • 28 Қаңтар 2017
  • 351
Фото - Caravan.kz


28 қаңтар күні Ұлыбритания, Қазақстан, Канада, Қытай, Словакия, Латвия мен Жапонияның хоккейшілері медальға таласады. Ерлер командасы Халық Аренада, ал әйелдер – Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында бақ сынайды. Шайбалы хоккей – ерлер 12:30 – Словакия – Ұлыбритания, топтық кезең. 16:00 – Жапония – Латвия, топтық кезең. 19:30 – Қазақстан – Қытай, топтық кезең. Шайбалы хоккей – әйелдер 16:30 – Канада – Қытай, топтық кезең. 20:00 – Қазақстан – Ұлыбритания, топтық кезең.

Айта кетейік, «Халық Аренадағы» билеттің құны 500-700 теңгені, ал Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында билеттің бағасы – 300-500 теңгені құрайды. Қысқы Универсиада аясында алғашқы хоккей жарысы 1962 жылы Вилар қаласында (Швейцария) өткен. Сайысқа 4 ерлер командасы қатысқан. 2009 жылы Харбинде өткен 25-ші Қысқы Универсиада кезінде іс-шара бағдарламасына 6 елден қатысқан әйелдер командасы қосылды.  Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік Универсиаданың ашылу салтанаты ертең – 29 қаңтар күні өтеді.