Қызылордада жалғызбасты ана жалғыз қызымен аштықта күнелтіп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада жалғызбасты ана жалғыз қызымен аштықта күнелтіп жүр

Қызылордада жалғызбасты ана жалғыз қызымен аштықта күнелтіп жүр

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жалғызбасты ананың күнкөріс жағдайы арқа сүйенері мен ұлы бақилық болғаннан кейін нашарлаған. Бүгінде үйімде азық-түлік алар қаражатым жоқ деп қынжылады ол. Соның салдарынан кейде тіпті, мектепте оқитын жалғыз қызы екеуі  аш отыратын күнд?

  • 28 Қаңтар 2017
  • 677
Фото - Caravan.kz

Жалғызбасты ананың күнкөріс жағдайы арқа сүйенері мен ұлы бақилық болғаннан кейін нашарлаған. Бүгінде үйімде азық-түлік алар қаражатым жоқ деп қынжылады ол. Соның салдарынан кейде тіпті, мектепте оқитын жалғыз қызы екеуі  аш отыратын күндер жиі болатынын айтады. Ал сабаққа баратын киімін алып бере алмағандықтан «қызым әркімнің жоқ-жітігін  киіп жүр», – дейді.

«Кәсіпкерлер болса, қалталы азаматтар болса біз сияқты жетім-жесірлерге көмектессе, әйтеуір Алладан қайтар», – дейді жалғызбасты ана Айсұлу Бекмұратова.

Айсұлу Бекмұратова қаладағы ескі жатақханалардың асханасында жетінші сыныпта оқитын қызы екеуі тұрады. Ал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары жалғызбасты анаға барынша көмек көрсетіп жүргендерін айтады.


«2017 жылы әлеуметтік бағдарламалармен көмек болса, көмек көрсетуге әзірміз», – дейді Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөліміне қарасты қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету бөлімшесінің басшысы Бибігүл Баратова.

Ал жағдайы төмен жалғызбасты ана жергілікті басшылардан және  қайырымды жандардан көмек сұрады.