Димаш Құдайбергеннің келесі кезеңде орындайтын әні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайбергеннің келесі кезеңде орындайтын әні белгілі болды

Димаш Құдайбергеннің келесі кезеңде орындайтын әні белгілі болды

Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Кезекті жеңісінен кейін елге оралған Димаш Универсиаданың ашылуына қатысты. Бүгін түнде ол Қытай астанасы Бейжіңге ұшып кетті. Әнші әрі қарай Чанша қаласына б

  • 31 Қаңтар 2017
  • 1448
Фото - Caravan.kz

Кезекті жеңісінен кейін елге оралған Димаш Универсиаданың ашылуына қатысты. Бүгін түнде ол Қытай астанасы Бейжіңге ұшып кетті. Әнші әрі қарай Чанша қаласына бет алмақ. Байқау да дәл осы мекенде өтіп жатыр.

«Алда дайындық. Ақпанның 4-ші жұлдызы келесі байқау күнінде атақты Queen тобының репертуарынан “The Show must go on” әнін шырқаймын! Шоу басталды!» – дейді Димаш.


Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан I am a Singer жобасы бас-аяғы 14 кезеңнен тұрады. Әр турда жеңіске жеткен әншіге кубок табысталады. Олардың ең көбін жинаған өнерпаз жеңімпаз атанады.

Еске сала кетсек, қытайлармен бәсекеге түсіп жатқан жалғыз қазақ баласы Димаш Құдайбергенов бұған дейін 2 кезеңді жеңіспен аяқтаған болатын.

Перейти к новостям спорта