Шинжияңға қарасты Құтыби аудандық ойын-сауық үйірмесінің қызметкері Ермек Ырысбекұлы «Тоғысар» атты жаңа музыкалық аспабын тапқырлады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ермек бұл музыкалық аспапты 2001 жылдан бастап зерттеп, жасауды қолға алған екен. 5 жыл бойы тынымсыз ізденіп, қаншама рет өзгертіп, ақыры 2005 жылы ресми түрде жасап шығып, 2008 жылы қараша айында патент құқын алады.
Сол жақтағы әріптесіміз Адақ Шаймұратұлының хабарлауынша, бұл «Тоғысар» музыкалық аспабының ерекшелгі — домбыра мен гитараны қосып жасалған. Жоғарғы жағына гитара, аяқ жағына домбыра орналасқан. Домбыра мен кәдімгі музыканың меледиясы орындалып, гитарадан аккорттық дыбыстар шығып, екеуін қосып тартқанда жағымды, жаңа заман музыкасы ойналады екен.