Синоптиктер алдағы 3 күнге ауа райы болжамын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктер алдағы 3 күнге ауа райы болжамын жасады

Синоптиктер алдағы 3 күнге ауа райы болжамын жасады

Синоптиктер 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»

  • 1 Ақпан 2017
  • 298
Фото - Caravan.kz


«Ақпан айында қар жауып, бұрқасындатады. Кезекті циклон Батыс Сібірге ауысып, Солтүстік Қазақстан арқылы өтеді. Циклон мен атмосфералық ағымдар көптеген облыстарда ауа-райын өзгертеді. Соған байланысты, қар жауып, бұрқасын болады. Жол көрінісі мүмкіншілігі нашарлап, 500 метрге дейін барады. Желдің ұйытқуы 15-20 метр секундқа, ал солтүстік облыстарда оның жылдамдығы 23-28 метр секундқа дейін жетеді», — деп айтылады хабарламада. Синоптиктердің дерегіне сүйенсек, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары оңтүстік циклонның ауа ағымында болады. Сондықтан бұл жерлерде жауын-шашын болып, ылғалды қар жауып, тұман түсіп, батыстан қатты жел соғады, кей жерлерде желдің жылдамдығы 23-28 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы төмендеп, көк тайғақ, қар мен тұманның салдарынан көрініс мүмкіндігі төмендеп, 200-500 метрге дейін барады.

Перейти к новостям спорта