Ақтөбеде із-түссіз кеткен әскери дәрігердің мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде із-түссіз кеткен әскери дәрігердің мәйіті табылды

Ақтөбеде із-түссіз кеткен әскери дәрігердің мәйіті табылды

Бұл туралы ЭкспрессК жазды.

«Кешкі сағат алтылар шамасында ол үйден шығып кетті. Мен ол кезде жұмыста едім. Балаларға « қаз

  • 3 Ақпан 2017
  • 488
Фото - Caravan.kz

«Кешкі сағат алтылар шамасында ол үйден шығып кетті. Мен ол кезде жұмыста едім. Балаларға « қазір келемін» деп айтып кеткен. Содан оралмады»,-дейді дәрігердің жұбайы  Гүлнара Күнесова.

42 жастағы азаматтың туыстары сол күні оның мінезінен ешқандай да өзгеріс байқамаған. Әдетте ұялы телефонын қасынан тастамайтын ол  үйден тек өзі шығып кетіпті.

Отбасындағыларды алаңдатары дәрігер талма дертімен ауыратын болған. Оған қоса тәулігіне міндетті түрде бір рет ішетін  дәрілері де бар екен. Осындай суықта көшеде талмасы ұстаса, алғашқы көмек көрсетілмей қалды ма деп шошып отыр еді  дәрігердің туыстары.


Жиеналин үйіне келмеген түні-ақ туыстары жан-жаққа іздеу салған. Оны іздегендер мәйітін алып келіп, ол өзін-өзі өлтірді деген.

«Байжомарттың денесін 27 қаңтар күні  тапты. Ол үйімізге жақын тұрған  тұрақтардың бірінде асылып  қалыпты»,-дейді оның әйелі.