Иран 29 қаңтарда орташа қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізген еді. Бұған жауап ретінде Вашингтон санкциялар тізімін кеңейтіп, 13 жеке тұлғаның есімін енгізді. Бұл – Иран, БАЭ, ҚХР, Кувейт және Ливан елдерінің азаматтары. Сонымен қатар, тізімде Иран, Ливан, ҚХР және БАЭ елдерінде орналасқан 12 компанияның атауы бар. Санкция баллистикалық ракеталар құрастырушы иран бағдарламалары мен "Хезболлах" ливандық шейіттер тобын қолдауды да қамтиды.