Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметі де бұл ақпаратты растап, бетперде киген қарулы төрт адамның кафе кассасынан 100 мың сом ақшаны алып кеткенін айтты. Шабуылдан ешкім зардап шекпеген.
"Вечерний Бишкек" газетінің мәліметінше, бетперде киген адамдар 6 ақпан күні кешке кафеге басып кіріп, ондағы адамдарға жерге жатуға бұйырған. Қарақшылар кафе клиенттерінің алтын әшекей бұйымдарын, бағалы заттары мен ақшаларын тартып әкеткен.
Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.