Amnesty International: сириялық түрмеде тұтқындарды дарға асқан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Amnesty International: сириялық түрмеде тұтқындарды дарға асқан

Amnesty International: сириялық түрмеде тұтқындарды дарға асқан

Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы Дамаск қаласындағы Сайеднайя түрмесінде адамдарды жаппай өлтіргенін хабарлады.

  • 7 Ақпан 2017
  • 333
Фото - Caravan.kz

Ұйым есебі бойынша, Сирия президенті Башар Асад режиміне қарасты әскери түрмеде 2011-2015 жылдар аралығында апта сайын 20–50 адамды дарға асып отырған. Өлім жазасына кесілген адам саны бес мыңнан 13 мыңға дейін жетуі мүмкін. Есеп авторларының мәліметіне қарағанда, дарға асылғандардың денелерін түрме сыртындағы үлкен молаға көміп отырған.

Amnesty International бұл есеп 84 куәгердің деректеріне сүйеніп жазылғанын хабарлады. Куәгерлердің арасында бұрынғы күзетшілер, судьялар, адвокаттар және түрменің бұрынғы тұтқындары бар.