Аралас жекпе-жектен "Найман" лақап атымен танымал қазақ спортшысы Қуат Хамитов Қытайда жекпе-жек өткізеді. Отандасымыз WBK тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы белбеуін қорғайтын болады, — деп хабарлайды Vesti.kz
"Менің келесі жекпе-жегім 6 наурыз күні өтеді. WBK (World Ultimate fighting) чемпиондық белбеуі үшін бақ сынаймын. Қытай. Шанхай", — деп жазды спортшы Instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, осыған дейін спортшы алдағы уақытта екі бірдей чемпиондық белбеу жолында бақ сынайтынын хабарлаған болатын. Оның бірі — WBK чемпиондық атағын қорғау болса, екіншісі — Fight Nights Global чемпиондық атағы еді.