12 раундтан тұрған кездесу қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірақ отандасымыз жекпе-жекті сәтсіз бастады. Ол алғашқы раундта екі рет нокдаунға түсті. Ал қалған раундтарда ZZ (Жақияновтың рингтегі лақап есімі ) қарсыласын біраз соққыға жықты. Судьяның шешімімен есеп 111-115/115-111/116-110 болды.
Айта кетейік, жекпе-жектің мұндай нәтижесі комментатор мен көрермендермен қатар, жеңімпаздың өзі мен бапкеріне — Рикки Хаттонға күтпеген жағдай болды. Осыған дейін сарапшылар қазақстандық тарап жеңіліске ұшырайды деп айтқан екен.
"Профи Бокс Казахстана" басылымының мәліметінше, қазақстандық боксшымыздың қаламақысы — 30 мың доллар. Ал Уоррен болса осы жекпе-жекке 150 мың доллар қойған екен.
Еске сала кетейік, 9 ақпанда Жанат Жақиянов және Роуши Уоррен жекпе-жек алдында көз арбасқан болатын.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/boxing/boks-alemndeg-sensatsiya-janat-jakiyanov-amerikalyiktyin-277385/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.