Путинді сынағаны үшін сотталған Ақтөбе тұрғынына қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Путинді сынағаны үшін сотталған Ақтөбе тұрғынына қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Путинді сынағаны үшін сотталған Ақтөбе тұрғынына қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасы бүгін Facebook парақшасында Ресей президенті Владимир Путинді сынаған жазбаларына бола "алауыздық тудырды" деп айыпталып, үш жылға сотталған белсенді Санат Досовтың сот үкіміне шағымын қанағаттандырмады.

  • 15 Ақпан 2017
  • 2689
Фото - Caravan.kz

Санат Досов 2014 жылдың шілдесі мен 2016 жылдың наурызы аралығында жазған жазбаларында Ресей президентін "елді қиратты" деп айыптап, оның саясатын және Кремльдің Шығыс Украинадағы әрекетін сынаған.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, апелляциялық алқа судьясы Хайруллин Досовтың апелляциялық шағымын қанағаттандырмау туралы шешім шығарып, апелляциялық шешімге Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіруге болатынын айтты.

Санат Досовтың адвокаты Дархан Мырзабеков пен әйелі Әсел Жұмағазина Азаттыққа сот шешімімен келіспейтінін, оған кассациялық шағым түсіретінін айтты. Бүгінгі сот отырысына тергеу абақтысында отырған Санат Досовты қатыстырмады.


46 жастағы Санат Досовтың ісі бойынша сот қарашаның 28-і күні басталған. Тергеу органы Санат Досовқа Қазақстан қылмыстық кодексі 174-бабының 1-бөлімі бойынша (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) айып таққан.