Өзбекстан кедей отбасыларға тауық балапандарын тегін таратып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан кедей отбасыларға тауық балапандарын тегін таратып жатыр

Өзбекстан кедей отбасыларға тауық балапандарын тегін таратып жатыр

Өзбекстанда Жызақ облысы Зафарабад ауданы әкімшілігі тұрмысы төмен отбасына 20 шөжектен таратып жатыр. Бұл балапандар демушілердің ақшасына алынған. Адамдарға үй құсын өсіріп, материалдық тұрғыдан жәрдем болсын деген ниетпен тегін таратылып жатыр дейді әкімшілік қызметкерлері.

  • 17 Ақпан 2017
  • 543
Фото - Caravan.kz

Жергілікті тұрғынның сөздеріне қарағанда, әкімшіліктен екі адам және бір ауыл ақсақалы келіп, 20 шөжекті беріп, "балапанды өсіріңдер, үйлеріңде жұмыртқа көп болады, бұл әкімдіктің сыйлығы" деп кеткен екен.

Зафарабад ауданы әкімдігінің өкілі Кадыр Ризаев бір ауданда 257 тұрмысы төмен отбасы бар дейді. Шөжектер «Сангзор-Парранда» құс фабрикасынан демеушілердің ақшасына алынады екен.

"Қазір банктер тұрғындарға 7,5 миллион сум көлемінде 9 пайызбен несие беріп жатыр. Олар бұл ақшаға үй құстарын өсіріп, мал шаруашылығымен және лимон өсірумен айналыса алады", – дейді Кадыр Ризаев.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қарақалпақстанға барған сапары кезінде, ауылды жерде тұратын әр отбасы 100 тауықтан өсіру керек деген. Оның пікірінше, тауық өсіру елді кедейліктен құтқарады. Президент әкімдерге банктер халыққа несие берсін деп тапсырып кеткен.