Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады.
"Зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында былтыр осы мейрамды сәуір айында өткізуді ұсынған едім, өйткені 22 наурызда біздің өңірде қысқы ауа райы сақталады, — деді Болат Бақауов халыққа есеп беру жиналысында. – Меніңше, сәуір айы келгенде, өткізетін орынды белгілеп, мерекені бәріміз бірге тойлағанымыз жөн". Өңір басшысының айтуынша, "бұл әзірше ұсыныс қана". "Егер халық қолдаса, осы бағытта жұмыс істейтін боламыз", — деді әкім.
Әлеуметтік желілерде Бақауовтың ұсынысы қызу талқылануда. Қолданушылардың көпшілігі мереке уақытын ауыстыруға болмайды десе, базбіреулер бұл идеяны қолдап жатыр.