Жуырда ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Иван Дичко өзінің кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі қашан өтетіні туралы айтты. Бұл туралы Boxingscene.com хабарлайды.
"Кәсіпқой бокста Энтони Джошуамен бірінші кездесуімді өткізгім келеді. Бл жерде кек алу (Олимпиаданың жартылай финалын айтады) үшін емес. Өйткені, мен оны Лондонда жеңдім деп ойлайнымн. Егер ол Владимир Кличконы жеңіп, чемпиондық атағын сақтап қалса, екеусіз жекпе-жек ұйымдастыруымыз мүмкін", — дейді Дычко.
Айта кетейік, Дычко мен Джошуа 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жартылай финалында кездескен болатын. Бірақ ол кезде отандасымыз британдық боксшыдан жеңіліп қалды.
Еске салайық, 26 қаңтар күні Дычко Дания Елеусінов жұмыс істейтін "MJA Entertainment" промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасаған еді.