Алматы облысының әкімі Қытайдың миллиардеріне жер бөлуден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының әкімі Қытайдың миллиардеріне жер бөлуден бас тартты

Алматы облысының әкімі Қытайдың миллиардеріне жер бөлуден бас тартты

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Конституцияның 26-бабына ұсынылған өзгерістерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайдыTengrinew

  • 22 Ақпан 2017
  • 504
Фото - Caravan.kz

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Конституцияның 26-бабына ұсынылған өзгерістерге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Облыс әкімі халыққа есеп беру кездесуінде шекарадағы жерлерді шетелдіктерге беруге жол беруге болмайтынын мәлімдеді.

"Қызметке тағайындалғанымда бөлмеме Қытайдың инвестор-миллиардері кірді. Ол шекара аймақтарындағы жерлерде егін шаруалығығымен айналысқысы келді. Жартылай шөлге айналған жер учаскесіне ол өз қаражатынан коммуникация тартып, шөлде "оазис" жасағысы келді. Бірақ осындай стратегиялық аймақты жерді беруге бола ма? Бірде-бір сантиметр жерді шетелдіктерге бермейміз. Жер мәселесі ұдайы бақылауда", — деді Амандық Баталов.

Әкімнің айтуынша, бүгінде облыста ауыл шаруашылығы мақсаттарындағы сегіз миллион гектардан аса жер бар.