Елімізде тендер өткізудің тәртібі өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тендер өткізудің тәртібі өзгереді

Елімізде тендер өткізудің тәртібі өзгереді

Мемлекеттік сатып алулар кезіндегі қазынашылық сүйемелдеу тетіктері қарастырылған Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алулар кезінде қазынашылық сүйемелдеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның жүзеге асырылуын бақылауда ұстауды тапсырды.

  • 1 Наурыз 2017
  • 313
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында қаржы министрі Б.Сұлтанов көлеңкелі экономиканы азайту, құрылыс барысына мониторинг жүргізуді күшейту, бюджет қаражатын оңтайлы пайдалану мақсатында құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеуді енгізу ұсынылатынын баяндады. Биыл бұл тетік үш аймақта — Астана қаласында, Ақмола және Қарағанды облыстарында апробацияланатын болады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік сатып алулар жүйесі әділ сынға ұшырағанын атап өтті.

«Қысқа уақыт ішінде бұл жүйе әзірленді, пысықталды, қазір пилоттық режімде оны енгізетін болатын. Жүйені өзгертеміз, ең басты міндет – бұл пилоттық жоба жұмыс істеуі тиіс. Сіздер оны жыл соңына дейін жеткізіп, мүмкін, келесі жылдан бастап мемлекеттік сатып алулар кезінде қазынашылық сүйемелдеу тетіктеріне толық көшуге болады. Басқа бағыттар бойынша да қоғамды қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандыратын боламыз», — деді Б.Сағынтаев.