23 жастағы қызылордалық қыз 11 пәтерді тонап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
23 жастағы қызылордалық қыз 11 пәтерді тонап кеткен

23 жастағы қызылордалық қыз 11 пәтерді тонап кеткен

Қылмыскерлер үйде ешкім жоқ кезде бұзып кіріп, алтын, күміс әшекейлерді, “Asus” маркалы ноутбукты, ұялы телефондарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 325 000 теңге. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Қызылорда қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды.

Оның басқа қылмыстарға қатысын тексеру кезінде дәл осындай тағы 10 ұрлық әрекетін жасағаны анықталды. Ол барлық ұрлау опера

  • 2 Наурыз 2017
  • 267
Фото - Caravan.kz


Оның басқа қылмыстарға қатысын тексеру кезінде дәл осындай тағы 10 ұрлық әрекетін жасағаны анықталды. Ол барлық ұрлау операциясын бір сызба негізінде жүзеге асырып отырған.

Ол пластикалық терезесі бар үйлерді, ұтымды уақытты таңдап, пәтер ішіне терезеден кіріп кетіп отырған. Ұрлық негізінен күндізгі уақытта, 09.00 мен 18.00 арасында болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеге жетіпті. Қазіргі таңда ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр.