Қазақтың белгілі жыршысы Мұртаза Бұлытайды шетелдің жансызы деп қаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
0 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың белгілі жыршысы Мұртаза Бұлытайды шетелдің жансызы деп қаралады

Қазақтың белгілі жыршысы Мұртаза Бұлытайды шетелдің жансызы деп қаралады

Қазақ зиялыларының өзара айтысына танымал журналист-жазушы Марат Тоқашбаевтың әлеуметтік желіде жазған пікірі себеп болды, деп хабарлайд

  • 6 Наурыз 2017
  • 3477
Фото - Caravan.kz

Қазақ зиялыларының өзара айтысына танымал журналист-жазушы Марат Тоқашбаевтың әлеуметтік желіде жазған пікірі себеп болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Онда белгілі тілші «Көршінің өлген айғыры біздікі емес» деген тақырыппен Шыңғысхан туралы бітпейтін даудың әбден жалықтырғанын жазған. Тіпті Шыңғысханның қазақ руларын қырып-жойғаны туралы бірқатар деректер келтіреді.

"Мұсылмандардың қанын судай ағызған, қазақ тайпаларын қырған, өзі кәпір Темучин бүгінгі қазақтарға қай бетімен туысқан болады?

Бұл алыс пенен жақынды, халал менен харамды ажырата алмайтындардың сөзі! Тарихты білейік, білгенімізді талқылайық! Бірақ, көршінің өліп қалған айғырына қызыққанмен бәрі бір ол біздікі болмайды! Шамамыз келсе өз жөнімізді жөндеп алайық!", — деп аяқтайды өз пікірін М.Тоқашбаев.

Бірақ біздің айтпағымыз Ұлы қаған туралы жазған журналистің пікірі емес. Тоқталғымыз келгені тағы да  Шыңғысхан тақырыбы үшін болған қазақ зиялыларының өзара айтыс-тартысы, нендей пікір жазғаны.

Тақырыпқа орай ой бөліскен жүздеген оқырманның арасында танымал саясаткер Жасарал Қуанышалин, дінтанушы Мұртаза Бұлытай және белгілі әнші-жыршы Айгүл Елшібаева бар. Ең сорақысы көпшілік құрметтейтін олардың бірқатары қызбалыққа салынып, пікір айту мәдениетін мүлдем ұмытып кетті. 

Айгүл Елшібева "Сізге, атамды көршінің өлген айғырына теңетіп, қоя алмаспын. Сіз телевидение басқарған ұлттық идеологияны білетін адам ба десем, қартайғанда үш міні болатын өкпешіл, кінəмшіл, ұмытшақ шал құсамай, кемеңгер адамдай терең болсаңызшы" — деген пікірмен авторды бір түйреп өтеді.

Осылайша белгілі жыршы Шыңғысханның түркі ұлысынан екенін барынша дәлелдеуге тырысады.


Мұртаза Бұлытай «Нағыз тарихшы, түрколог ғалымдар Қинаят Зардыхан, Мəмбет Қойгелді, Қаржаубай Сартқожаұлы т.т. Шыңғыстың мұңғұл екенін нақты дəлелдей келе оны қазақ яки түрік деп шығару ұят тірлік екенін тайға таңба басқандай етіп айтқан»,- деп қарсы уәж айтады.

Жалпы Бұлытай мырза өзгенің ханына таласқан ұят болады, қанышер мұңғұлды қазақ қылып шығарғанда не ұтамыз, деген мәселе қояды.

Әйтседе Айгүл Елшібаева:

«…..Шыңғысханды мұсылмандарды қырған, игилға теңеген, өзі қазақ, шешесі түрік, Мұртаза Бұлытай тек пірі Ататүрікке ғана бағалайтын шет елдік жансыз, бүгіннен бастап тарихымызды жоқ қылу үшін тегімізді жоғалтуға ат салысқан залым ғалым деп шештім», деп жазады.

Ал Жасарал Қуанышалин:

«Мұртаза, менің саған айтарым — менен аулақ жүр, құйысқанға қыстырылған боққа ұқсамай. ….ендігі жерде мені сен сияқты көкмылжың демагогпен айтысқаннан Құдай сақтасын…»,- дейді.

Жалпы көпшлік сыйластықты ұмытып, ащы сөздермен ашық айқасқа барған белгілі азаматтардың бұл қылығын жақтыра қоймады. Қанша басу айтылса да айтыс-тартыс әлі жалғасып жатыр. Ең өкініштісі көпшілік «шала қазақ», «нағыз қазақ» болып бөлініп жүрген қазақ енді Шыңғысханды жақтаушылар мен даттаушылар болып екі бөлініп кете ме, деп қауіптенеді.