Тиісті диагноз қойылмай, дұрыс ем жүргізбеу салдарынан көз жұмған пациенттің қазасы үшін үш елордалық дәрігер сотталды. Алайда рақымышылықтың арқасында түрмеден құтылып кетті, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Науқастың өліміне себепкер болған үш дәрігерге қатысты сот үкімі шығарылды деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі. Істің деректеріне сүйенсек, 2016 жылы 4 ақпанда сағат 20.30 кезінде "жедел жәрдем" бригадасы №2 қалалық ауруханаға ауыр хәлдегі 57 жастағы ер адамды жеткізеді, науқаста асқынған жүрек қан тамыры синдромы диагнозы болған. Миокард инфарктын болдырмау үшін ер адам тексеруден өткізіліп, соның нәтижесі бойынша дәрі-дәрмекпен емдеу тағайындалады. Станционарлық емдеу барысында, науқас оң жақ бүйірінің қатты ауыратындығын айтып шағымданған соң, оны қарау үшін екі хирург-дәрігер шақрылады, бірақ олар хирургиялық патологияны жоққа шығарады. "Ауыр науқастың хәлі нашарлап кеткеніне, шұғыл арада хирургиялық көмектің қажеттігіне қарамастан, дәрігелер қажетті медициналық көмекті толығымен көрсетпеген", — делінген сот хабарламасында.
Науқасқа 2016 жылы 10 ақпанда ғана "асқынған аппендицит" диагнозы қойылып, шұғыл арада операция жасауға жіберіледі. "Алайда диагноз кеш қойылғандықтан, науқас көз жұмған", — деп атап өтілген сот хабарламасында. Астана қаласы Есіл ауданы №2 аудандық сотының үкімімен 2017 жылы 24 ақпаннан бастап емдеуші дәрігер мен хирург дәрігерлер ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылып, әрқайсысы екі жылға бас бостандығынан айырылды және хирургиялық қызметпен айналысу құқығынан екі жылға айырылды. Алайда, таяуда қабылданған рақымшылық заңына байланысты, сотталғандар бас бостандығынан айыру жазасынан босатылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.