Қарт кісі отбасылық шу тудырғаны үшін өзінің 40 жастағы ұлын әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрапты.
Ұлы өз үйінде әкесіне тиісіп, қоқан-лоққы жасап, тіпті физикалық күш көрсеткен.
“Отбасындағы тұрмыстық қарым-қатынасқа қарсы өрескел әрекет жасағаны үшін 2016 жылдың наурыз айында әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда ұлы ол кезде кінәсін мойындамай, өкініш білдірмеген”, – деді прокуратура.
65 жастағы әкесі өзінің туған ұлына ең қата жаза қолдануды талап етіп отыр. Мамандандырылған әкімшілік соттың үкімі бойынша айыпты 10 күн қамауға алынды.