ҚТЛ Түркия білім министрлігінің басқаруына өтпейді – ҚР БҒМ - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚТЛ Түркия білім министрлігінің басқаруына өтпейді – ҚР БҒМ

ҚТЛ Түркия білім министрлігінің басқаруына өтпейді – ҚР БҒМ

Наурыздың басында Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык қазақ-түрік лицейлерінің (ҚТЛ) Түркия білім министрлігі басқаруына өтетіндігін айтқан болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай шараның болу ықтималдығының өзін ресми түрде жоққа шығарды.

  • 7 Наурыз 2017
  • 400
Фото - Caravan.kz

«ҚТЛ «Білім-инновация лицейлері» болып қайта құрылып, қазақстандық білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейді», делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Сонымен қатар, жаңа атау берілген оқу орындарының жұмысы өзгермейтіндігі атап өтілді.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша бірігіп мәлімдеме жасайды. Оған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды Түркия елшісінің жасаған мәлімдемесіне байланысты алаңдамауларын сұрайды. «Білім-инновация лицейі» жұмысының әдеттегі тәртібі өзгеріссіз қалады», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, «Білім-инновация лицейі» — жұртшылық арасында жоғары бедел мен құрметке ие болып келген білім беру мекемесі. Қазақ-түрік лицейлерінің бәрі 2016 жылы «Білім-инновация лицейлері» болып қайта құрылды.