Прокуратура хабарламасына сүйенсек, полицейлер жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды ұрлау ісін тергеген. Алайда олар шынайы қылмыскерді іздеудің орнына айғақтарды М. есімді азаматтың үйіне қалдырып кеткен. Жала жабылған ер адам ақталып, Медеу аудандық ІІБ лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі 1-пункті, 414-бабы 3-бөлігі, 416-бабы 6-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалды, яғни полицейлерге азаптау, қасақана заңсыз ұстау және қамауға алуды ұйымдастыру және ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша айғақтарды бұрмалау сияқты айыптар тағылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті жүргізген сот алды тергеу ісі қазіргі уақытта аяқталып, іс сотқа жіберілді