Мұсылманның қызы басқаға шықса, кәпір болады - Сансызбай Құрбанұлы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылманның қызы басқаға шықса, кәпір болады - Сансызбай Құрбанұлы

Мұсылманның қызы басқаға шықса, кәпір болады - Сансызбай Құрбанұлы

Әлеуметтік желіде діндардың өзге ұлттың, өзге діннің жігіттеріне тұрмысқа шығатын қазақ қыздары туралы айтқан видеосы кеңінен таралып жатыр. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы бұл мәселені ашық әрі ашына отырып айтқан.  

  • 10 Наурыз 2017
  • 955
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады. 

"Бізге мұсылманнан, христианнан, яхудиден қыз алуға болады. Құдайды бір дейтін болса, бірақ құранға күмәнданып тұрса, Наташа, Светланаларды алуға болады. Ал мұсылманның қызы тек қана мұсылманға тұрмысқа шығуы керек. Басқаға шықса, кәпір болады. Оның жаназасы оқылмайды. Қыздарымыз доллар үшін, евро үшін, христиан былай тұрсын, ит жейтін, құрт-құмырсқа жейтін сасықтың астында жатыр. Қыздар түгілі біз де құлқынға сатылып кетеміз. Өзіміздің қазақтың әдемі құда-жекжаттығына ештеңе жетпейді ғой. Қызымызды өзгеге беріп, джип мініп жүргенше, таза, мұсылман жігітке беріп, есекпен жүргенің артық емес пе?" дейді Сансызбай Құрбанұлы.