Сағынтаев қарамағындағыларға халықтың ашуын тудырмауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сағынтаев қарамағындағыларға халықтың ашуын тудырмауды тапсырды

Сағынтаев қарамағындағыларға халықтың ашуын тудырмауды тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев келесі жылы іске қосылатын міндетті медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру

  • 14 Наурыз 2017
  • 360
Фото - Caravan.kz

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев келесі жылы іске қосылатын міндетті медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстары кемшін түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл мәселе әрбір қазақстандық үшін маңызды. Денсаулық сақтау министрлігі мен жұмыс берушілер тарапынан нақты тиімді жұмыстар жасалуы керек. Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын. Қазір жұмыстар істеліп жатқанын білемін. Бірақ, сонда да белсенділік төмен. Әлеуметтік желілерде, интернетте түсіндіру жұмыстары аздау. Сарапшы мамандардың пікірлері де беріліп жатқан жоқ», – дейді Б.Сағынтаев.

Үкімет басшысы «Youtube» желісінде шыққан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты бейнроликті көріп шыққанын да айтып өтті.


«Өткен жылы әдейі «Youtube» желісінде шыққан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты бейнероликті қарап шықтым. Бірақ, адамдар бұл туралы білмейтін сияқты. Қарылымы 10 айда 4 мыңнан аспаған. Жалпы, сол роликті жасаған адамдар мен тек қызығушылық танытқандар ғана қараған секілді. Енді сол үшін көп жұмыс атқару қажет. Егер біз бұл жұмысты орындай алмасақ, xалықтың ашуына ілігеміз. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігі әкімдермен бірге түсіндіру жұмыстарына баса назар аударуы тиіс», – дейді премьер-министр.