Бас-аяғы 14 кезеңнен тұратын жобаның 9 туры артта қалды. Оның үшеуінде Димаш бірінші орынды ұтып, жеңіс кубогын иеленді. Жалпы есепте Димаш әлі де үздік үштіктің көшін бастап тұр.
Алдағы сенбіде Singer-дің 9-кезеңі эфирден көрсетіледі. Онда Димаш әлемге әйгілі канадалық әнші Селин Дионның “All by myself” әнін орындайды. Есте болса, бұл кезеңде Димаштың екінші орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Ал 25 наурызда эфирге шығатын 10-кезеңде Димаш тағы да қытай тіліндегі әнді орындайтын болды.