"Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" арасындағы жекпе-жекке қатысатын боксшылар белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" арасындағы жекпе-жекке қатысатын боксшылар белгілі болды

"Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" арасындағы жекпе-жекке қатысатын боксшылар белгілі болды

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жобасының жетінші маусымындағы топтық кезеңінің төртінші турында кездесетін "Астана арландары&qu

  • 15 Наурыз 2017
  • 692
Фото - Caravan.kz

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жобасының жетінші маусымындағы топтық кезеңінің төртінші турында кездесетін "Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" командалары арасындағы жекпе-жек қатысатын боксшылардың тізімі белгілі болды, деп жазады Vesti.kz порталы.

Жекпе-жектер 18 наурыз күні Тараз қаласында өтіп, 18:00-де басталады. Бұл кездесулердің тікелей трансляциясын Vesti.kzпорталы арқылы мына сілтеме бойынша көре аласыздар.

"Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" арасындағы кездесуге қатысатын боксшылардың тізімі:

52 келі:


Олжас Сәттібаев — Вячеслав Ташкараков

60 келі:
Зәкір Сафиуллин — Артур Субханкулов

69 келі:
Асланбек Шымбергенов — Шахабас Махмудов

81 келі:
Арман Рысбек — Павел Силягин

91 келіден ауыр:
Олжас Бұқаев — Магомед Омаров

Еске салайық, бұл екі команда арасындағы Мәскеуде өткен кездесу 3:2 есебімен "арландардың" пайдасына аяқталған болатын. Егер бұл кездесуде де елордалық ұжым жеңіске жетсе, плей-офф кезеңіне жолдама алады.