Оқыс оқиға Райымбек және Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы жол айырығында болған, деп хабарлайды Patrul.kz. Mazda-ның жүргізушісі Сейфуллиннің бойымен солтүстікке қарай кетіп бара жатып, Райымбекке орталық жолақтан бұрылып, жол ережесін бұзыпты.
Сол сәтте Сейфуллиннің бойында қарама-қарсы бағытпен Toyota Highlander келе жатқан. Ол қатты жылдамдықпен келіп жеңіл көлікті қағып өтеді. Соның әсерінен Mazda көпірдің астындағы тірек бағанаға соғылған.
Mazda-ның бір жолаушысы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Кейінірек джип жүргізушісінің көлік тізгініне мас күйінде отырғаны белгілі болды. Осылайша жол апатына екі жақ та кінәлі болып тұр. Ал кінәнің қаншалықты ауыр екенін әкімшілік сот анықтайды.