Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус бағыттары ашылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус бағыттары ашылатын болды

Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус бағыттары ашылатын болды

 2017 жылдың 23 наурызында Қазақстан Республикасына Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтің ресми сапары барысында 2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды.

  • 24 Наурыз 2017
  • 441
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлайды деп жазады Caravan.kz.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында жолаушыларды автобуспен тұрақты, тұрақсыз және транзиттік тасымалдау осы мемлекеттердің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың жүзеге асыруын ұйымдастыру үшін құқықтық негіз құру осы Хаттаманың мақсаты болып табылады.

Хаттама сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға оң импульс береді және халықтың мобильділігін арттыруға, өз кезегінде Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының достық қарым-қатынастарын нығайтуға ықпал етеді.

Хаттама күшіне енген соң екі мемлекеттің ірі қалалары арасында тұрақты автобус бағыттары ұйымдастырылатын болады.


Анықтама:

2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында жолаушылар тасымалдары бойынша тұрақты автобус маршруттары жоқ. Сонымен қатар тәулігіне шамамен 2000-3000 адам екі мемлекет арасындағы мемлекеттік шекараны жаяу өтеді.