Испанияның "Барселона" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси төрешіні қорлағаны үшін төрт матчқа шеттетілгені жайлы пікір білдірді, — деп хабарлайды La Nacion басылымы.
Месси шеттетуге себеп болған даулы сөздерінің арбитрдің көмекшісіне айтылмағанын мәлімдеді.
"Менің сөздерім төрешінің ассистентіне арналмаған, сөздер ауаға айтылған еді", — деді футболшы.
Еске салайық, 28 наурызда арбитрді қорлады деп, төрт ойынға шеттетілген еді. Оқиға ӘЧ-2018іріктеу кезеңіндегі Аргентина мен Чили құрамаларының арасында өткен ойында болған. Бұл ойында Месси 11 метрлік айып добын сәтті орындап, командасына жеңіс сыйлаған. Сондай-ақ, Мессиге 10 мың швейцар франк (10,2 мың доллар) айыппұл салынды. Айтпақшы, Месси алаңға шықпаған кейінгі ойында Аргентина құрамасы Боливиядан жеңіліп қалған болатын.