Модель сатып алушымен телефон арқылы сөйлесіпті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Metro-ға сүйеніп. Олар қонақ үйден орын алып қойған. Ол жерге қызды аукционды ұйымдастырған немістің эскорт-агенттігі алып барады. Қызға төленетін ақшаның 20 пайызы осы агенттікке берілуі керек.
Александраның өзі іш киімдерге жарнама жасаумен айналысады. Ол пәктігін сататынын Ұлыбританиядағы "This Morning" телевизиялық шоуында жария еткен. Модель мұндай қадамға үйден шығарғалы жатқан өз отбасына көмектесу үшін барып отырғанын айтты. Әрі түскен ақшаны оқуына да төлемек екен.
Еуропадағы көрермендердің көбі қыздың мұнысына наразылық білдірді. Әрине, әке-шешесі де үзілді-кесілді қарсы. Олар егер қызы бұл шешімін өзгертпесе, одан теріс айналатынын айтқан.
Ал журналистер Александраның отбасын үйден ешкімнің шығарайын деп жатпағанын анықтады. Оның әкесі Тони мен анасы Елена Румыниядағы көптеген жанұяларға қарағанда ауқатты тұрады екен.