Сәуір айының ортасында күн +25 °С дейін ысиды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуір айының ортасында күн +25 °С дейін ысиды

Сәуір айының ортасында күн +25 °С дейін ысиды

«Қазгидромет» РМК сәуір айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, көктемнің екінші айының ортасынд

  • 3 Сәуiр 2017
  • 588
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК сәуір айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, көктемнің екінші айының ортасында еліміздің оңтүстігінде күн жылынып, сынап бағанасы +25 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Baq.kz.

Сәуір айы суық, желді ауа райымен басталады. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын және көктайғақ болады.

Ауа температурасы:

батыста – түнде 2…10 градусқа дейін аяз, күндіз 0…8 °С жылы;

еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде түнде 5…15°С дейін аяз, күндіз 0…8 °С дейін аяз;

оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 0 … 5 °С, күндіз 5 … 13 °С жылы.

Бірінші онкүндіктің соңына қарай Орталық Азия аумағынан жылы ауа массаларының ығысуынан күн жылынады, оңтүстікте тіпті ыстық болады деп күтілуде.

Термометр көрсеткіштері күндіз:

солтүстікте 8 … 15 градусқа дейін жоғарылайды;

оңтүстікте 18 … 25 градусқа дейін жылы болады.

Алайда екінші онкүндіктің ортасында солтүстік пен орталықта, ал екінші онкүндіктің соңында оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыста күн суытып, жауын-шашын болады деп болжануда.


Бұл кезде ауа температурасы:

еліміздің солтүстік жартысында түнде 2°С аяз, күндіз 3…8 °С жылы;

оңтүстік жартысында түнде 3…10 °С жылы, күндіз + 10…15 °С.

Алдын ала болжамға сәйкес, сәуір айының үшінші онкүндігінде жылы және жаңбырлы күндер басым болады:

Ауа температурасы:

солтүстік жартысында түнде 5 … 10°С, күндіз + 10 … 15°С дейін жоғарылайды;

оңтүстік жартысында түнде +10 … 15°С, күндіз +15 … 20°С.

Осылайша, орташа айлық температура Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының солтүстік жартысында, Қостанай облысының батыс бөлігінде қалыпты нормадан 1°C төмен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 1°С жоғары, қалған аймақтарда қалыпты норма төңірегінде болады деп болжанып отыр.